19 шілдеге дейін жабылатын нысандар – ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында 19 шілдеге дейін бірқатар нысандар жұмыс істемейді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыстың бас санитарлық дәрігерінің №16 қаулысына сәйкес мына нысандардың қызметіне тыйым салынды:
- азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері қызметіне;
- ойын-сауық мекемелері (караоке, бильярд, компьютер клубтары, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, аттракциондар, балалардың ойын алаңдары, батуттар және басқалары), кинотеатрлар;
- барлық мәдениет объектілері (театрлар, концерт залдары, мұражайлар, көрмелер және т.б.);
- діни объектілер (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагога және т.б.);
- балаларды сауықтыру лагерьлері, мектепке дейінгі балалар мекемелері, балалардың түзету кабинеттері, білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, үйірмелер, балалар мен ересектерге арналған курстар;
- фудкорттар, банкет залдар;
- СПА-орталықтары, жаттығу залдары, фитнес-орталықтары, спорттық-сауықтыру орталықтары, бассейндер, қалалық, қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктер, қоғамдық моншалар, сауналар, сұлулық салондар, шаштараздар, косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр мен педикюр қызметтер көрсететін орталықтар мен салондар;
- жабық азық-түлік және азық-түлік сатпайтын базарлар;
- тек жеткізу арқылы ауданы 500 шаршы метрден асатын азық-түлік сатпайтын дүкендер.