ШҚО-да праймеризге 6 көпбалалы ана қатысып жатыр
«Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филалы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, праймериздің алғашқы үш күні 309 азамат өтініш берген. Үміткерлердің ішінде 133 әйел адам бар, оның алтауы – көп балалы ана, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Сондай-ақ 81 кандидат – 35 жасқа дейінгі жастар, 8-і – қандастар. Ерекше қажеттіліктері бар 3 азамат қатысып жатыр. Бастауыш партия ұйымдары арқылы 103 адам ұсынылса, 206 кандидат өзін-өзі ұсынған» - деп жазылған ақпаратта.
Айта кетейік, Праймериз 5 кезеңнен тұрады:
1) кандидаттарды ұсыну және тіркеу;
2) кандидаттарды үгітке даярлау;
3) үгіт жұмысы;
4) дауыс беруді өткізу;
5) тізімдерді дайындау.
Кандидаттарды ұсыну және тіркеу 28 тамызға дейін жалғасады.