Даниал Ахметов жерлестерін праймеризге белсенді қатысуға шақырды
Бұл туралы ол жаңа ғана өзінің фейзбук және инстаграмм парақшаларында мәлімдеп, жазба қалдырды.
17 тамызда елімізде алғаш рет Nur Otan партиясының праймеризі басталғанын, партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қабылдаған бұл маңызды тарихи шешім отандық саяси жүйенің дамуына жаңа серпін беретініне тоқталған облыс әкімі Қазақстанның партиялық-саяси жүйесінің даму тарихында алғаш рет праймериз жалпыреспубликалық ауқымда өтетінін атап өтті.
– Басты мақсат – бәсекелестік күрес негізінде барлық деңгейдегі мәслихаттарда және ҚР Парламенті Мәжілісінде тиімді депутаттық корпус қалыптастыру үшін мықты көшбасшыларды анықтау. Праймериз арқылы бәсекелі және ашық негізде партиялық тізімдер қалыптастырылатын болады. Барлық қалалар мен аудандардың партия мүшелері қоғамдық сенім мен қолдаудың жоғары деңгейіне ие ең беделді партия көшбасшыларын дербес анықтайды. Nur Otan – бұл өзгерістердің негізі бола алатын жалғыз саяси партия. Партия – жаңа кезеңге орай үнемі жаңарып отыратын кәсіби басқарушылар тобы. Құрметті жерлестер, мен сіздерді Nur Otan партиясының праймеризіне белсенді қатысуға шақырамын, – деді Даниал Ахметов.