KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

ШҚО-да «цондар» кешкі алтыға дейін жұмыс істейтін болды

17.08.2020, 04:46 289

Шығыс Қазақстан облысындағы халыққа қызмет көрсету орталықтары кешкі алтыға дейін жұмыс істейтін болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аймақтың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы негізінде 17 тамыздан бастап халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі ұзартылды. ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбіде-9.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс істейді. Электронды қызметтерді терезе арқылы бұрынғыдай тек зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі адамдар және көп балалы отбасы мүшелері ғана ала алады. Сондай-ақ тұрғындар әкімдіктер мен екінші деңгейлі банктер ғимаратындағы egov.kz бұрышы арқылы да порталға кіре алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив