KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Риддердің туристік саласында тың серпін бар

20.07.2022, 15:00 228

Алдағы бірнеше жылда Шығыс Қазақстанның туристік саласы түрлене түседі деген болжам бар. Мәселен облыс басшылығының жоспарында Бұқтырма жағалауы мен Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің аумағын абаттандыру жұмысы тұр. Сондай-ақ Глубокое ауданындағы және Риддер маңындағы тау шаңғысы спортының учаскелері жөнделеді.

– Риддерде 34 туризм нысаны, 13 демалыс базасы бар. Оның жетеуі қысқы туризмді дамытып келеді. Екі тау шаңғысы базасы, 10 қонақ үй, алты пәтер және екі спорт кешені бар. Өткен жылы келушілер саны 28 мың адамнан асты, бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 41%-ға жоғары. Алдыңғы жылы демалушылар саны 20402 адам болған, – деді Риддер әкімінің міндетін атқарушы Дархан Қосантаев.

Оның айтуынша, өткен жылы турсфераға 100 миллион теңге көлемінде жеке инвестиция салынған. Биыл бұл сома 121 миллион теңгеге жетеді деген жоспар бар.

Былтыр Риддерде екі жаңа туризм нысаны ашылғанын айта кетейік. Ал биыл жаңа қонақ үй кешенін ашу, сондай-ақ «Эдельвейс» тау шаңғысы кешенін қайта құру жоспарда тұр.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу