Өскемен: шағын кәсіпорын есепшісі 13 млн жымқырған
Өскеменде шағын кәсіпорынның есепшісі өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, 13 485 062 теңге жымқырған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Кәсіпорын өкілінің шағымынан кейін полиция қызметкерлері істің мән-жайын анықтады. Есепші аталған қаражатты екі жыл бойы біртіндеп жымқырған.
– Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, Ертіс полиция бөлімінің қызметкерлері 50 жастағы күдіктіні ұстады. Ол өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, күдіктінің мүлікті тәркіленеді, сондай-ақ 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.