KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 3,5 м/с, ОШ
480.5 534.22 5.18

ШҚО-да кәсіпорын бухгалтері 4 миллион теңге жымқырған

29.06.2022, 12:32 240

Маусым айының басында Өскемендегі ЖШС бірінің филиал басшысы полиция бөліміне хабарласып, кәсіпорынның бұрынғы бухгалтері пайдакүнемдік мақсатта өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, кәсіпорынның қаражатын иемденгенін айтты. Қаскүнемнің әрекеті ЖШС-ға 4 300 000 теңгеден астам сомаға залал келтірген.

- Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 31 жастағы күдіктіні ұстады, жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады. Ұсталған азаматқа қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-бөлігі - сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив