ШҚО-да өткен тәулікте 90 адамнан коронавирус анықталды
![](/kz/uploads/posts/iblock/8e4/8e48615f52bc6ecb2996212ba45dec51.jpg)
Шығыс Қазақстан облысында өткен тәулікте 90 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде ауру белгілері жоқ тасымалдаушылардың саны – 34, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ал ел көлемінде 10 тамыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша 722 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде клиникалық белгісі жоқ 374 адам тіркелген.
Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласы - 156/97
Алматы қаласы - 120/83
Шымкент қаласы - 7/1
Ақмола облысы - 23/13
Ақтөбе облысы - 5/3
Алматы облысы - 17/8
Атырау облысы - 11/9
Шығыс Қазақстан облысы - 90/34
Жамбыл облысы - 20/10
Батыс Қазақстан облысы - 51/20
Қарағанды облысы - 87/35
Қостанай облысы - 30/15
Қызылорда облысы - 6/3
Маңғыстау облысы - 19/17
Павлодар облысы - 23/10
Солтүстік Қазақстан облысы - 34/6
Түркістан облысы - 23/10
Науқастардың жалпы саны – 100 164. Сондай-ақ өткен тәулікте елімізде 1 179 науқас аты жаман аурудан айығып, аяққа тұрды. Осылайша коронавирус індетінен жазылғандар саны 73 702-ге жетті.