ШҚО-да өткен тәулікте 152 адамнан коронавирус анықталды
![](/kz/uploads/posts/iblock/0fe/0fe9778d0f2642c7572c89e1a9130318.jpg)
Шығыс Қазақстан облысында өткен тәулікте 152 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде 81 тұрғынның сырқаты симптомсыз, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ал ел көлемінде өткен тәулікте 1644 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның 1072-сі клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді.
Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласы - 71 / 34
Алматы қаласы - 114 / 52
Шымкент қаласы - 101 / 54
Ақмола облысы - 42 / 39
Ақтөбе облысы - 41 / 32
Алматы облысы - 117 / 93
Атырау облысы - 377 / 325
Шығыс Қазақстан облысы - 152 / 81
Жамбыл облысы - 82 / 66
Батыс Қазақстан облысы - 110 / 35
Қарағанды облысы - 76 / 48
Қостанай облысы - 52 / 37
Қызылорда облысы - 37 / 23
Маңғыстау облысы - 114 / 105
Павлодар облысы - 68 / 15
Солтүстік Қазақстан облысы - 19 / 11
Түркістан облысы - 71 / 22
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 45719.