Өскемен әкімдігінің қызметкерлері Абайдың өлеңін оқыды
Өскемен қаласы әкімдігінің қызметкерлері Абай күніне орай ұлы ақынның өлеңін оқыды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10-тамыз Абай күні деп белгіленіп, мерекелік күнтізбеге енгізілгенін еске саламыз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған жалпыреспубликалық өлең оқу эстафетасын Өскемен қалалық әкімдігі мереке қарсаңында жалғастырды.
Қала әкімі Жақсылық Омар мен әкімдіктің қызметкерлері Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін оқып, эстафетаны Қостанай қалалық әкімдігіне жолдады.
Өскемен тұрғындары ұлы ақын және жерлес Абай Құнанбаевтың мұрасын аса құрметтеп, қадірлейді. Осы жылы рухани мұраны дәріптеу мақсатында қалалық бес кітапхана жөндеуден өтеді. Сондай-ақ қайта қалпына келтірілген трамвайға ақынның портреті салынды. Мұраны сақтауға өз үлесін кәсіпкерлер де қосып отыр. «Азия Авто» көлік құрастыру зауыты "Abai175" деген жазуы бар автомобильдердің бірегей топтамасын шығарды.