KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 2,7 м/с, В
485.11 523.82 5.02

ШҚО-да 2000-нан астам отбасыға ет үлестірілді

3.08.2020, 04:14 53

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шығыс Қазақстан облысында 2071 отбасыға құрбандық малдың еті таратылғанын мәлім етті.

Ет өнімдері қарттарға, жетімдерге, балалар үйі мен ауруханаларға үлестірілді. Барлық санитарлық талаптар сақталды. Көмек алған жандар алғыстарын білдірді.

- Биыл құрбандық қашықтықтан шалынды. Тапсырыс берушілерге есеп берілді. Жобаны іске асыру үшін арнайы жұмыс тобыс құрылып, үлкен жұмыс атқарылды. Волонтерлар мен ҚМДБ-ның Өскемен өңірі бойынша имамдары құрбандыққа шалынған мал еттерін таратты. Сондай-ақ қаладағы мұқтаж отбасыларға азық-түліктер берілді. Айта кететін бір жайт, жастар бұл игі іске бір кісідей атсалысты, - деп мешіттің наиб имамы Даулет қажы Тілеуханұлы жылы лебізін білдірді. 

"Раббың үшін құрбан шал!" акциясы аясында Qurban2020.kz сайтынан түскен өтініштерге байланысты Өскемен өңірі бойынша 1000-нан астам отбасыға азық-түлік үлестірілді. 

- ҚР-ның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен осы акция ұйымдастырылды. Азық-түліктер тұрғындардың қолдауымен жиналды. Біз құрбандық шалған жандар мен қолдан келгенше көмек көрсеткен барша ағайынға алғыс айтамыз. Тәңірім, біздің дұғаларамыз бен құрбандықтарымызды қабыл етсін, - деді ҚМДБ-ның Өскемен өңірінің іс басқарушысы Берік Кәдіров.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив