Тағы екі адам суға кетті – ШҚО
ШҚО-да тағы екі адам суға кетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қайғылы оқиғаның бірі Семей қаласында болды. 34 жастағы ер адам Ертіс өзенінде белгісіз жағдайда суға кетіп, қаза тапты. Құтқарушылар оны төрт тәулік бойы іздеген. Мәйітті 1 тамызда суға кеткен орыннан 30 шақырым жерден балықшылар тауып алды.
Екінші оқиға Бородулиха ауданында болды. 1 тамыз күні бірнеше жігіт Жернов өзеніне шомылуға барған. Олар тоғаннан жүзіп өтпек болғанда, біреуі абайсызда суға батып кеткен.
Оқи отырыңыз