Бұқтырма жағасында тағы бір адам суға кетті
Алтай қаласында 44 жастағы ер адам суға кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қайғылы оқиға жексенбі күні, яғни 30 маусымда, Бұқтырма су қоймасына жақын маңда болған. Куәгерлер құтқарушылар тобын шақырып, бір жарым сағаттан соң, суға кеткен ер адамның денесі табылған.
Айта кететін жайт, осымен Алтай ауданының өзінде ғана, суға шомылу маусымы басталғалы, үш адам суға кеткен.
Оқи отырыңыз