KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
494.87 520.65 4.91

"Нағыз туристік хаб" Катонқарағайда ерекше орталық құрылып жатыр

18.07.2022, 17:04 377

Катонқарағай ауданындағы Үлкен Нарында ақпараттық туризм орталығы құрылып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Ернар Мұстафиннің айтуынша, бұл нысан нағыз туристік хабқа айналады.

– Туризм нысандары, туристік өнімдер туралы ақпарат беретін сервистік қызмет болады. Орталықта 10 жұмыс орны ашылады. Бұл хаб автовокзал, ана мен бала бөлмесі, бренд киімдер бутигі және 50 орындық дәмхана функцияларын біріктіреді, – деп түсіндірді Ернар Мұстафин.

Сондай-ақ, оның айтуынша, орталықта Катонқарағай ауданының барлық 14 бағыты мен туристік соқпақтарына жол бастайтын гидтерге арналған орын да болады.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу