KZ
Өскемен
-13°
туман жел 1 м/с, С
498.55 524.28 4.75

Тәуекелдерді басқару жүйесі бұзушылықтардың алдын алуға және жоюға мүмкіндік береді

30.07.2020, 12:17 288

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік аудитті және камералдық бақылауды жүзеге асыру бекітілген тәуекелдер бейіні тұрғысында, тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделіп жүргізіледі.

Камералдық бақылаудың тәуекелдер бейіні Камералдық бақылау жүргізу қағидасымен бекітілді. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 16.04.2020 жылғы № 388 бұйрығымен енгізілген соңғы өзгерістермен 25 тәуекел бейіні бекітілді, бейіндер мемлекеттік сатып алуды жоспарлау саласындағы тәуекелдермен толықтырылды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің (бұдан әрі - Комитет) бұйрықтарымен шұғыл ден қоюды талап ететін тәуекелдер бейіні бекітіледі.
Ағымдағы жылдың басында Комитетпен мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын орналастырмау немесе уақытында орналастырмау бөлігінде 2019 жылға 300-ден астам жағдай зерделеп, шаралар қабылдау үшін жіберілді. Зерделеу нәтижесінде тәуекел 139 жағдайда расталды, ол үшін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 207 бабы 13 бөлігі бойынша 2,96 млн. теңге көлемінде айыппұл салынып, лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алудың веб-порталында конкурстық құжаттама жобасын алдын-ала талқылау хаттамасын орналастырмау немесе уақытында орналастырмау бөлігінде 500-ден астам жағдай зерделеу үшін жіберілді. Зерделеу нәтижесінде Департаментпен тәуекел 25 жағдайда расталды, ол үшін Кодекстің 207-бабының 2-бөлігі бойынша 0,99 млн. теңгеге айыппұл салынып, лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Ағымдағы жылдың басында Департаментпен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту бөлігінде Комитетпен жеткізілген 86 жағдай бойынша зерделеп, шаралар қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілді. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде тәуекел 6 жағдайда расталды, ол үшін Кодекстің 207-бабының 3-бөлігі бойынша 530,2 мың теңгеге айыппұл салынып, лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес міндеттемелерді толық орындау бөлігінде Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 97-бабының 6-тармағының бұзылу ықтималдығын көздейтін тәуекелдер бейіні бойынша жұмыстар жүргізілді. Департаментке қаржы жылының 20 желтоқсанынан кейін жүргізілген төлемдердің 19 жағдайы жеткізілген. Жүргізілген аудиторлық іс-шаралар барысында тәуекел 14 жағдайда расталды, 166,5 млн. теңгенің бұзушылығы анықталды, яғни жүргізілмеген жұмыстар үшін аударымдар - 29,94 млн. теңге, сонымен қатар жұмыстардың орнына құрылыс материалдары мен жабдықтар үшін – 136,61 млн. теңге.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 45-бабының бұзылу ықтималдығын көздейтін, мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға қосымша келісімдер мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 жылғы № 598 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларының бұзылу ықтималдығын көздейтін шарттар жасаудың негізділігінің тәуекелдер бейіндері бойынша. Осы бейіндер бойынша Департаментке зерделеу үшін жағдайлар жолданған, нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабы 3-тармағының бұзылу ықтималдығын көздейтін, тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу бейіні бойынша тәуекелдер көбірек расталады.

Комитетпен 2019 жылы зерделеп әрі қарай шаралар қабылдау үшін 200-ден астам жағдайлар жолданды. Зерделеу нәтижелсі бойынша тәуекел 51 жағдайда расталды, ол үшін 6,4 млн. теңгеге айыппұл салумен лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, Департаментпен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуларды мониторингілеу нәтижесі бойынша шығарылған прокуратура органдарының ұсынымдары негізінде 2020 жылдың басынан бастап 67 жағдайда заңнама бұзушылықтары расталып, лауазымды тұлғалар 8,8 млн. теңгеге айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уйкілетті органмен тәуекелдер бейінің жаңарту арқылы бұзушылықтарды анықтау және алдын алу бағытында жұмыстар жалғасатын болады. Тапсырыс берушілер мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар әкімшілік және басқа да жауапкершілік түріндегі кері салдарды болдырмау үшін бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау қажет.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу