KZ
Өскемен
-35°
туман жел 1 м/с, СШ
510.43 594.86 6.49

1 мамыр күні Өскеменде «Qazaqelі – татулық мекені» атты мерекелік концерт өтеді

30.04.2025, 21:00 455 Төлеуғазы Жансая

1 мамыр сағат 12:00-де Өскемен қаласындағы Республика алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Qazaqelі – татулық мекені» атты мерекелік концерт өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Концерттік бағдарламада – Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы әртістерінің музыкалық және вокалдық өнер көрсетілімдері бар. Олар елімізде тұратын түрлі этностардың бай мәдениеті мен дәстүрлерін паш етеді.

Сондай-ақ, алаңда қолөнершілер көрмесі мен фудкорт аймағы ұйымдастырылады. Бұл күн – бірлік пен достықты дәріптейтін, көпұлтты еліміздің татулығын сезінуге мүмкіндік беретін ерекше мереке болмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу