KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Кассациялық соттарды құрудағы мақсат – сот төрелігін жетілдіру

depositphotos.com

30.04.2025, 20:00 279 Ержан Әбіш

Қазақстанда 2024 жылғы 12 қыркүйекте Мемлекет басшысының отандық бизнес өкілдерімен кездесуі барысында азаматтардың құқықтарын сапалы қорғау қажеттігі атап өтіліп, осыған байланысты жекелеген кассациялық соттарды құру туралы бастама көтерілген болатын. Бұл бастама қазіргі заман талабына толық сәйкес келеді және сот жүйесін жаңғыртуға бағытталған.

Сот жүктемесін азайту, азаматтардың сотқа деген сенімін арттыру және сот төрелігінің сапасын жақсарту мақсатында елімізде 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап үш бірдей жеке кассациялық сот өз жұмысын бастайды. Олар – қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша дербес соттар.

Әр сот өз саласы бойынша жоғары инстанция болып саналады және алты айдан аспайтын мерзімде істерді қарастырады. Бұл сот жүйесіндегі жеделдік пен ашықтықты қамтамасыз етуге ықпал етпек.

Қылмыстық кассациялық соттың басты міндеті – қылмыстық құқықтың тиімділігін арттыру, азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамдық тәртіпті нығайту.

Азаматтық кассациялық сот азаматтық-құқықтық қатынастарда әділдікті қамтамасыз етіп, халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған.

Әкімшілік кассациялық соттың қызметі мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін көтеруге, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық істерінде азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталады.

Кассациялық соттар сот шешімдерінің заңдылығын тексеруге, апелляциялық сот шешімдеріне құқықтық баға беруге және сот қателіктерін түзетуге, сонымен қатар заңнаманың ел көлемінде біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуге міндетті.

Бұл реформаның түпкі мақсаты – еліміздің құқықтық жүйесін жетілдіру, сот процестерінің тиімділігін арттыру және әділ сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету. Кассациялық соттарды енгізу арқылы Қазақстанның сот жүйесі жаңа сапалық деңгейге көтеріледі.

Р. Ахметжанова,

Өскемен қаласы мамандандырылған тергеу соты әкімшісінің басшысы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу