KZ
Өскемен
-17°
туман жел 2 м/с, СБ
517.66 606.49 6.44

Аймақ басшысы өңірдегі өзекті әлеуметтік мәселелерді талқылады

30.04.2025, 21:19 482 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірлік құқық қорғау саласындағы уәкілетті өкілдермен кездесу өткізді. Жиында психиатриялық аурухана құрылысын аяқтау, Өскемен қаласынан жаңа тергеу изоляторын салу қажеттілігі сөз болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Сонымен қатар, интернет-алаяқтықпен күрес мәселесі де көтерілді. Мамандардың айтуынша, несие мен микрокредиттен бас тарту қызметі e-Gov порталы арқылы қолжетімді болғанымен, бұл мүмкіндікті облыс бойынша небәрі 34,5 мың адам ғана пайдаланған.

Сондықтан халыққа бұл қызмет туралы жан-жақты ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет. Сондай-ақ, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарға нақты көмек көрсету маңызды.

Кездесуде ерекше қажеттілігі бар адамдардың құқықтары мен өмір сапасын жақсартуға қатысты ұсыныстар да айтылды. Барлық көтерілген мәселелер бақылауға алынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу