Мамыр мерекелерінде ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мамыр айындағы мереке күндерінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) жұмыс тәртібін жариялады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Кезекші ХҚКО-лар, оның ішінде автоХҚКО-лар 3 мамыр және 10 мамыр күндері жұмыс істейді. 1, 7 және 9 мамыр — демалыс күндері. Бұл күндері барлық ХҚКО-лар жабық болады.
3 және 10 мамыр күндері: Қарапайым ХҚКО-лар сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
АвтоХҚКО-ларда: өтініштерді қабылдау — сағат 12:00-ге дейін, құжаттарды беру — сағат 13:00-ге дейін жүргізіледі.
Қызмет алушылардан жұмыс кестесін ескеріп, жоспарларын алдын ала құру сұралады.