ШҚО тұрғыны интернет-алаяқтарға алданды: полиция ескерту жасады
pixabay.com
Шығыс Қазақстан облысында тұрғын интернеттегі хабарламаға сеніп, алаяқтардың арбауына түсті. Белгілі болғандай, әйел адам «несие рәсімдеуге көмектесеміз» деген желідегі жарнамаға сеніп, бейтаныс тұлғаның шотына ақша аударған. Уәде етілген қызмет орындалмаған соң, жәбірленуші полицияға жүгінуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Полицейлер интернет-алаяқтықтың бүгінгі таңда кең таралған қылмыс түріне айналғанын ескертеді. Алаяқтар жалған несиелік қызметтерден бастап, жасанды интернет-дүкендер мен инвестициялық жобаларға дейін түрлі тәсілмен азаматтарды алдауға тырысады.
Құқық қорғау органдары тұрғындарға алаяқтық фактілеріне тап болған жағдайда, бірден полицияға хабарласу қажеттігін еске салады.