ШҚО-да жүк көлігінің мас жүргізушісі адамды қағып өлтірді

Көкпекті-Васильев өткелі автожолының 138 шақырымында жүк көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
34 жастағы жүргізуші мас күйде көлік жүргізгені белгілі болды. Ол оқиға орнынан ізін суытқан екен. Алайда көп ұзамай полиция қызметкерлері оны құрықтады. 46 жастағы жаяу жүргінші алған жарақаттардан сол жерде көз жұмды.
Жол апаты осы жылдың наурыз айында болған. Жүргізушінің бұған дейін көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.
Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Оқи отырыңыз