Семейде жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды
Семейде жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Анықталғандай, жаяу жүргіншіні қағып кеткен 61 жастағы қала тұрғыны екен.
«Honda Odyssey» маркалы көлікті тізгіндеуші жедел жәрдем мен тәртіп сақшыларына хабар бермей, оқиға орнынан ізін суытқан.
Әлеуметтік желілерде аталған оқиға туралы хабарлама таратылып, Семей тұрғындары күдіктіні құрықтауға көмектесіпті.
Аталған факті негізінде сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.