Covid-19: Өскемен науқастар саны бойынша алдыңғы орынға шықты
Өскемен қаласы өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны бойынша саны бойынша алдыңғы орынға шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, өткен тәулікте өңірде 179 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде 110 науқаста клиникалық белгілер бар, 69 адамның сырқаты симптомсыз.
Қала-аудандар бойынша:
• 34 - Өскемен;
• 24 - Семей;
* 19 - Глубокое ауданы;
* 16 - Алтай ауданы;
• 13 - Ұлан ауданы;
• 12 - Тарбағатай ауданы;
• 10 - Риддер;
* 10 - Аягөз ауданы;
* 9 - Бородулиха ауданы;
• 7 - Үржар ауданы;
• 7 - Шемонайха ауданы;
• 5 - Көкпекті ауданы;
• 4 - Бесқарағай ауданы;
• 4 - Жарма ауданы;
• 4 - Күршім ауданы;
• 1 - Курчатов.
18 адам науқастармен байланыста болған, ал 106 адам өз өтінішімен тексеруден өткен. Қалған 55 адамнан профилактикалық тексеру кезінде ауру анықталды, – деп мәлімдеді облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.
Қазіргі уақытта облыста симптомды науқастар – 3004, ауру белгілері жоқ тасымалдаушылар – 2667, жалпы саны-5671. Ал сауығып кеткендер – 3508.