KZ
Өскемен
-12°
пасмурно жел 2 м/с, С
507.05 594.82 6.51

Самар ауданында жаңа мектеп пен әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

15.12.2025, 13:45 465 Базарова Айгүл

Самар ауданына жұмыс сапары барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов ауылдық әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған білім беру нысандарының құрылыс барысымен танысып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Самар ауданында офтейк-келісімшарты аясында құны 950 млн теңгені құрайтын 150 орынға арналған бастауыш мектептің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Аудан әкімінің мәліметінше, жаңа білім беру нысанын келесі жылы пайдалануға беру жоспарланған.

Аймақ басшысы құрылыс сапасы мен белгіленген мерзімнің қатаң сақталуы басты талап екенін атап өтті. Осыған байланысты Нұрымбет Сақтағанов Самар ауданының әкіміне облыстық білім басқармасымен бірлесіп, мектеп құрылысының уақытылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар, ауданда BI GROUP компаниясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында Құлынжон ауылындағы «YBYRAI MEKTEBI» аумағында 230 млн теңге болатын жатақхана мен спорт орталығының құрылысы жалғасуда. Аталған нысандарды 2026 жылы пайдалануға беру көзделген.

Бүгінде Самар ауданында 2 жастан 6 жасқа дейінгі және 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту деңгейі 100 пайызды құрап отыр.

Өткен жылы ауданда 157,1 млн теңгеге 5 білім беру нысанына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Жұмба орта мектебі – 11,5 млн теңге, «Дәншік» бөбекжай-балабақшасы – 19,8 млн теңге, Мариногорка №11 орта мектебі – 80,3 млн теңге, Самар №1 орта мектебі – 38,2 млн теңге, Миролюбовка орта мектебі – 7,3 млн теңге.

Сондай-ақ, Абай атындағы орта мектепке 10,9 млн теңгеге физика кабинеті, ал Жамбыл орта мектебіне 11,2 млн теңгеге химия кабинеті сатып алынды.

Бтыл Самар №1 орта мектебі, Жамбыл атындағы орта мектебі, Сергей Седнев атындағы орта мектебі, Аққала мектеп-балабақша кешені және Қаракөл орта мектебінде жөндеу жұмыстары жүргізілген.


Фото: Артем Жигулин 

Видео: Жәнібек Ырысбай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу