KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Тарбағатай ауданында 10 үйді су басты

20.07.2020, 10:20 148

Тарбағатай ауданының Жаңаауыл ауылында нөсер жауынның салдарынан 10 үйді су басты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлімдейді.

19 шілде күні сағат 20.10 шамасында қатты нөсер жауыпты. Жауын-шашын салдарынан 10 шақты жер үйді су басқан. Судың тереңдігі 20 сантиметрге дейін жетеді. Қазіргі таңда 20 тұрғын туыстарының үйін паналап отыр.

Өрт сөндіру қызметкерлері мотопомпа көмегімен 700 текше метр су сорып алды. Келтірілген шығынды арнайы құрылған комиссия есептеуде.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив