KZ
Өскемен
-10°
пасмурно жел 1 м/с, С
522.38 612.6 6.54

ШҚО-да үйлерді тағы су басты

12.06.2019, 04:48 1 029

Глубокое ауданының Черногорка ауылында бірнеше жер үйді су басты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыстық ТЖ департаментінің мәліметінше, Глубочанка өзені жаңбырдың салдарынан арнасынан асып кеткен.

Салдарынан Черногорка ауылында 4 тұрғын үй мен 10 аулаға су жайылған екен. Су деңгейінің көтерілуіне өзен аңғарында өсіп кеткен бұта-ағаштардың ағысқа кедергі келтіруі себеп болған деген болжам бар.  

Қазіргі уақытта өзендегі су деңгейі қалпына келіпті.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу