KZ
Өскемен
-1°
туман жел 1 м/с, ОШ
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да қатаң карантин 2 тамызға дейін ұзартылды

19.07.2020, 09:53 132

Шығыс Қазақстанда коронавирустың инфекциясына қарсы қатаң шектеу шараларының мерзімі ұзартылды.

Бұл туралы аймақтың бас санитариялық дәрігері Марат Исмаиловтың жаңа қаулысында жарияланды.

«ШҚО аумағында бұрын бекітілген қатаң шектеу шаралары 2020 жылдың 20 шілдесі сағат 00.00-ден 2020 жылдың 2 тамызы сағат 00.00-ге дейін ұзартылсын. Шектеу шараларының режимі мен мерзімі облыс аумағында коронавирус инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін», - делінген жарияланған қаулыда.

ШҚО бас санитарлық дәрігері Аягөз, Алтай қаласында, Күршім, Катонқарағай, Жарма, Бесқарағай, Үржар ауданының орталығындағы қосымша қатаң шектеу шараларын 2020 жылдың 2 тамызы сағат 00.00-ге дейін сақтау туралы қаулы шығарды.

«Жеке тұлғалар жабық нысандарды, қоғамдық орындар мен қоғамдық көліктерде болған кезде маска киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтауы тиіс», - делінген құжатта.

Қаулы ережесін жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар міндетті түрде сақтауы тиіс. Аудандық және қалалық санитарлық дәрігерлер карантин шараларын эпидемиологиялық ахуалға байланысты қатайтуға құқығы бар.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу