KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 2 м/с, З
479.23 534.96 5.16

Заңсыз төгілген қоқыс көрдіңіз бе, хабарласыңыз:

17.07.2020, 05:32 178

Қазақстанда заңсыз қоқыс орындары жөнінде жедел желі іске қосылды. Бұл туралы Twitter-дегі парақшасында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жазды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Оның айтуынша, бұл желіге кез келген қазақстандық өз қаласы немесе ауданындағы заңсыз қоқыс орындары мен оны растайтын деректерді жолдай алады. Фото, бейнематериалдарды жіберуге болады.

Сіздермен, сондай-ақ ішкі істер департаменті және әкімдіктермен бірге жағдайды бақылап, сол жерге барып, шара қабылдайтын боламыз, - деді министр.

Жедел желінің нөмірі: +77759524900.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив