KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
515.02 604.22 6.5

ШҚО-да коронавирус жұқтырған 88 науқастың жағдайы ауыр

15.07.2020, 17:21 1 042

ШҚО-да COVID-19 жұқтырған 88 адам ауыр халде жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы бүгін өткен онлайн-брифинг барысында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан мәлімдеді.

- Бүгінгі таңда облыс аумағында жансақтау және интенсивті терапия палаталарында 88 науқас жатыр, олардың 8-інің жағдайы аса ауыр, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, - дейді басқарма басшысы.

Осыған байланысты бұл аппараттың ауруханаларда жеткілікті болуы маңызды.

- Қазір облыстағы медициналық мекемелерде өкпені жасанды желдететін 196 аппарат бар, өосымша тағы 50 аппарат сатып алынды. Оның 30-ы жеткізіліп қойды, қалғаны жоспарға сай жеткізіледі. Біз бұл аппараттарды аса мұқтаж аудандарға жібереміз, - деді Ілияс Мұхамеджан.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу