ШҚО-да өкпені жасанды желдететін қанша аппарат бар?
Аймақта 196 өкпені жасанды желдету аппараты бар, деп хабарлайды Аймақтық коммуникация қызметі. Жақын күндері тағы да 50 құрылғы жеткізіледі.
- Өңірдегі барлық күш COVID-19 таралуына жол бермеу және аталмыш вирусқа шалдыққандарды емдеуге бағытталып отыр. Стационарлардағы инфекциялық, провизорлық және карантиндік төсек саны 2 есеге артты. Барлық аудандық және қалалық ауруханаларда диагностика және зерттеу жасайтын интенсивті терапия палаталары бірыңғай алгоритмде дайындалды, - делінген ШҚО «Ақпарат орталығы» аймақтық коммунакация қызметі таратқан хабарламада.
Бүгінде баланста 50 рентген аппараты, 196 өкпені жасанды желдетін құрал, 15 компьютерлік томография бар. Алдағы уақытта өкпені жасанды демалдыратын 50 аппарат сатып алу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, тамыз айында заманауи талаптарға сәйкес жабдықталған 100 жедел жәрдем көлігі сатып алынбақ.