Балабақшалар қашан жұмысын бастайды?
Қазақстанда балабақшалардың жұмысы карантин шаралары аяқталғанға дейін тоқтатылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, халыққа қажет болса да, балабақшаларға жұмысын қайта бастау әлі де ерте.
- Мектептке дейінгі білім беру мекемелері әзірше жұмыс істемейді. Карантин аяқталғаннан кейін эпидемиологиялық жағдайға байланысты оның жұмысы, соның ішінде кезекшілік топтар бойынша шешім қабылданады. Бұл процесске біз белсенді түрле араласатын боламыз. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды, - дейді Асхат Аймағамбетов.
Сондай-ақ, кезекшілік топтарда оқитын кіші сыныптардың оқушылары мектепте тамақтанбайды. Мұндай шешім де балалардың қауіпсіздігі үшін қажет екен.