Қазақстанда балалар балабақшаға екі жастан бастап баруы мүмкін
Балалардың балабақшаға бару кестесі қайта қаралады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов дәстүрлі Тамыз конференциясында мәлімдеді.
- Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі сапалы білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастырады. Елбасының тапсырмасы бойынша 2019 жылы 1 қыркүйетен бастап балаларды ерте жастан дамыту бағдарламасы енгізіледі. Бүгінде екі жастағы балаларды қамту мәселесі өзекті болып отыр. Өздеріңіз білетіндей, үштен алты жас дедік. Алты жастағылардың көбі 1-сыныпқа барып жатыр. Сондықтан екі жастағы балаларды қамту мәселесін жолға қою қажет, – деді А.Аймағамбетов.