Қазақстанда мектептерде жаңа пән енгізіледі
Елімізде мектептерде экологияға қатысты жаңа пән енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.
- Бізге мектептерде балалардың экологиялық білімі атты жаңа пән енгізу қажет, – дейді мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, экология проблемалары елде тиісті деңгейде шешілмей жатыр.
- Жыл сайын бес миллион тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдық жиналады. Оның тек 15%-і ғана өңделеді. Бұл жеткіліксіз", – деді ол.
Оқи отырыңыз