Карантин: Қалааралық автобусқа билет алып қойғандар қайтеді?
Мемлекеттік комиссияның шешімі мен облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 5 шілдеден бастап қалааралық, облысаралық және облысішілік автобустар тоқтатылады. Ал өзге өңірге бару үшін билет алып қойған жолаушылар жолпұлдарын қайтарып ала алады, деп хабарлайды Алтайньюс тілші.
Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ернар Мұстафин айтты. Қалааралық автобустарға билет алып қойған тұрғындар автовокзалға, автостанцияларға немесе жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне барып, билетті өткізе алады.
Ал аймақ аумағында әуе-және теміржол қатынасы үзілмейді. Облыста әуе қатынасы үш бағыт бойынша жұмыс істейді: Өскемен – Семей – Үржар, Өскемен – Зайсан, Зайсан – Үржар. Темір жол қатынасы төрт бағыт бойынша: Өскемен 1 – Риддер, Өскемен 1 – Алтай, Өскемен 1 – Жалаңашкөл – Достық, Семей – Жалаңашкөл – Достық.
Жолаушылар көлігінде түгел санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақталады.