KZ
Өскемен
-12°
плотный туман Штиль
498.51 522.84 4.81

№16 қаулы: «Тақ және жұп күндер» режімі туралы

4.07.2020, 07:15 387

Шығыс Қазақстан облысында шектеу шаралары күшейді. Қала тұрғындары қайтадан тақ және жұп күндер режіміне бағынатын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыс аумағында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Өскемен және Семей қалаларында жеке тұлғалар жекеменшік көлігіндегі тіркеу нөмірдің соңғы санына сәйкес жұп немесе тақ күндері ғана жүре алады. Ал жаяу жүргіншілер ақ және жасыл түсті рұқсаттама бойынша жүреді. Қаулыда былай жазылған:

Автомобиль көлігінің жұмыс істеуіне шектеу қойылсын:
1) облыстың, қаланың, ауданның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге тартылған көліктерді қоспағанда, автомобиль көлігінің қозғалысы күндізгі уақытта шектелсін және түнгі уақытта сағат 22.00-ден 5.00-ге дейін тоқтатылсын;
2) Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан Республикасының басқа облыстарымен, сондай-ақ облыстың аудандары мен қалаларымен қалааралық автобус қатынасын уақытша тоқтата тұру;
3) облыстың аудандары мен қалалары арасында жеке автокөлікте қозғалыс сақталсын;
4) Өскемен және Семей қалаларында жеке тұлғалардың жеке көліктерінің қозғалысы «нөмірдің соңғы санының жұп, тақ саны» қағидасы бойынша шектелсін;
5) Осы тармақтың 4) тармақшасында белгіленген автокөліктің қозғалысына шектеуді бақылау өңірлік полиция бөлімдеріне жүктелсін. 3-ауысым режимінде 8 сағаттан патрульдеу қарастырылсын;
6) сенбі мен жексенбіде, сондай-ақ мереке күндері облыстың, қаланың, ауданның және үздіксіз циклдегі кәсіпорындардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге тартылған көліктерді қоспағанда, қоғамдық және жеке көліктің жүруіне тыйым салынсын;
7) облыстың, қаланың, ауданның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге тартылған автокөлік тізімі бекітілсін.

Сондай-ақ:

Халықтың Өскемен және Семей қалаларының аумағы бойынша I типтегі (қызметтік рұқсаттама), II типтегі (ақ және жасыл түсті) рұқсаттамалары болған кезде ғана жүріп-тұруы қамтамасыз етілсін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу