KZ
Өскемен
-8°
ясно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Ас пен тойдан бас тартыңыз - ШҚО бас пульмонолог дәрігері

26.06.2020, 03:44 124

ШҚО бас пульмонолог дәрігері Зағрипа Әбдиеваның айтуынша, ешқандай симптом байқалмаған немесе жеңіл формада ауырған пациенттер үй карантиніне оқшаулануда. Ал орташа және ауыр деңгейдегі науқастар стационарларға жатқызылуда.

«Аймақ халқын сабыр сақтап, дүрбелеңге салынбауға шақырамын. Егер сізде жұқпалы дерттің қандай да бір белгілері байқалса өз бетіңізбен емделу жолдарын іздемей, мекенжайыңыз бойынша отбасылық амбулаторияға хабарласыңыз. Әр амбулаторияда арнайы мамандар әзірленген. Олар үйіңізге келіп, сізден COVID-19-ға сынама алып, ұдайы бақылау жүргізеді. Егер вирус анықталып жатса, тиісті шаралар қабылданады», - дейді ол.

Өңірдің бас пульмонолог дәрігері тұрғындарға карантин шектеулерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

«Далаға шыққанда міндетті түрле маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыздар. Егер сіз нан алу үшін бір дүкенге кіргенде кезекте маска кимеген біреу тұрса, шығып кетіңіз. Ең бастысы денсаулық қой, ал нанды басқа жерден де алуға болады. Ас беріп, той-томалақ өткізуден бас тартыңыздар!», - дейді Зағрипа Әбдиева.

ҚазАқпарат

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив