KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да 400-ден астам мобильді жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді

17.11.2020, 12:19 269

Көптеген жағдайларда коронавирустық инфекция жеңіл немесе орташа дәрежеде өтеді. Мұндай жағдайлардың көбінде ең алдымен емдеу шараларын алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәрігерлері жүргізеді.


Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Асқар Хорошаштың айтуынша, Шығыс Қазақстан аумағында 404 мобильді жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Медицина қызметкерлері үйге барып қарап-тексеру жүргізеді, тағайындаулар жасайды, пациенттердің толық сауығуына дейін олардың жай - күйін бақылайды, сондай - ақ covid-19-ға ПТР-тестілеу жүргізу үшін биологиялық материал алуды жүзеге асырады және дәрілік препараттардың берілуін қамтамасыз етеді.


Сондай-ақ, COVID-19 бар ауыр және өте ауыр пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін Өскемен және Семей қалаларында ана мен бала орталығы мен Семей қаласының жұқпалы аурулар ауруханасының базасында қажетті құралдармен толықтай жабдықталған және ауыр науқастарды емдеуге дайындалған екі Құзыреттілік орталығы құрылды.


Бұдан басқа, тасымалдауға келмейтін ауыр науқастарға жедел көмек көрсету үшін құрамында анестезиолог-реаниматолог, инфекционист және пульмонолог мамандары бар көшпелі бригадалардың жұмысы ұйымдастырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу