KZ
Өскемен
-5°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Өскемендегі стационарлар 80-90%-ға толған. 50 орындық жаңа госпиталь ашылады

26.06.2020, 04:15 179

Шығыс Қазақстан облысында вирус жұқтырғандар саны күннен күнге артуда. Осы орайда өңірдің түкпір-түкпірінде науқастарды қабылдайтын жаңа стационарлар ашылып жатыр. Келесі аптада Өскемен қаласында 50 орындық госпиталь жұмысын бастамақ. Бұл жайлы ҚазАқпарат тілшісіне ШҚО бас пульмонолог дәрігері Зағрипа Әбдиева айтып берді.

 «Қазір өкінішке қарай, өңірімізде коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді. Өскемен қаласындағы Абай және Шәкәрім даңғылдарындағы стационарлар 80-90%-ға толған. Сондықтан дүйсенбіден бастап облыстық ауруханада COVID-19 инфекциясына шалдыққандарды емдейтін жаңа госпиталь ашылады. Барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген сол медициналық мекемеде 50 науқасты қабылдай аламыз», - дейді Зағрипа Әбдиева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив