KZ
Өскемен
-1°
туман жел 1 м/с, ОШ
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да коронавируспен ауырғандардың 98%-ы емделіп шықты

31.10.2020, 08:21 134

Шығыс Қазақстанда тәулігіне 64 пациент стационарлардан шығарылады, оның ішінде ковидті пневмониясы бар науқастар да бар, деп хабарлайды Денсаулы сақтау басқармасы. 

Коронавирустық инфекцияның бүкіл кезеңінде облыста сырқаттанғандардың 97,6%-ы тексеріс пен емделуден өтті.

- Стационарларда 783 адам ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 72,2%-ы (566 адам) инфекциялық стационарларда және 27,8%-ы (217 адам) амбулаторлық формада емделіп жатыр. COVID-19-ы бар ауыр және аса ауыр науқастарға медициналық көмек көрсету мақсатында ең озық жабдықталған әрі ауыр науқастарды емдеуге дайындалған Өскемендегі Ана мен бала орталығында және Семейдегі жұқпалы аурулар ауруханасында екі Құзыреттілік орталығы құрылды, - деп хабарлайды басқарма. 

I және II деңгейдегі инфекциялық стационарларда тасымалдауға келмейтін ауыр науқастар үшін көшпелі шұғыл әрекет ету бригадалары ұйымдастырылды, олардың құрамында анестезиолог-реаниматолог, инфекционист, пульмонолог сынды мамандар бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу