Осинов асуында жол айналарын ұрлап жатыр
![](/kz/uploads/posts/iblock/722/722893804862da45a1e54e16da27c121.jpeg)
ШҚО-дағы Осинов асуында жол айналары ұрланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Құны 30 000 теңгеден асатын бірнеше айналар сатып алынып, қайта орнатылды.
Мұндай айналары жол қозғалысының қауіпсіздігі үшін орнатылатынын айта кеткен жөн. Осинов асуында жол дұрыс көрінбейтін болғандықтан 2016 жылы 13 сфералық жол айналарымен жабдықталған болатын.
Бірден ұрланған үш айнаны 2019-2020 жылдары қайта орнатқан болатын.
Алтай ауданы әкімдігінің ақпараты бойынша, бір сфералық жол айнасының құны - 36 000 теңге.