KZ
Өскемен
+4°
туман жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Коронавирус: ШҚО-дағы емханаларда орын жоқ

18.06.2020, 08:48 188

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған науқастарды оқшаулайтын стационарда орын жоқ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы облыстың бас дәрігері мәлімдеді.

«COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастар орналастырылған емханалардың 86%-ы толды. Ал ауру жұқтырғандар саны күн сайын артып келеді. Эпидемиялық жағдай жақсармайтын болса,, өзге емханаларда науқастарды орналастыратын төсек-орындарды көбейту керек. Бірақ емханалар мен дәрігерлердің мүмкіндігі де шексіз емес екенін ескеру қажет. Сондай-ақ біз өңірде еуропалық «сценарийдің» қайталанғанын да қаламаймыз. Яғни науқастар емханалардың дәлізінде емделмейді. Бұл көп адам шығынына әкеп соғады. Сол себепті ауруы жеңілдеу науқастар үйде карантинде болады. Олардың денсаулығы сол мекенжай аумағындағы емхананың медбикелерінің бақалауында болады», – деп мәлімдеді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджанов

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив