KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 1,9 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Қазақстанда тағы 6 елге әуе қатынасы ашылады

16.06.2020, 08:08 172

20 маусымнан бастап қазақстандықтарға тағы 6 елге ұшуға рұқсат беріледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Атап айтқанда, Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Таиланд, Грузия және Жапонияға әуе қатынастары ашылады.

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында елдер үш категорияға бөлінген.

Бірінші категорияға Қытай, Оңтүстік корея, Жапония, Таиланд жатқызылады. Бұл елден келгендердің дене температурасы өлшеніп, сауалнама толтырылады.

Екінші категорияға Түркия жатқызылды. Ол жақтан келгендер сауалнама толытру мен дене қызуын өлшеуден бөлек тағы екі талапты орындау тиіс: Қазақстанның ішінде еркін жүру үшін оларға міндетті түрде COVID-19 инфекциясына ПТР зертханалық зерттеуден өткені туралы анықтама қажет және ондай анықтама 5 тәулікке ғана жарамды. Анықтама болмаған жағдайда олар екі тәулікке ауруханаға жатқызылып, коронавирусқа тексеріледі.

Үшінші категорияға әуе қатынасына рұқсат етілмеген барлық елдер кіреді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив