KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
527.3 544.86 4.95

Елімізде айыппұлдардың көлемі өсті

pexels.com

6.01.2025, 12:00 157 Төлеуғазы Жансая

2025 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3932 теңге болып белгіленді, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 240 теңгеге жоғары. Осыған байланысты айыппұлдар көлемі 6,1%-ға өсті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Massaget.kz порталына сілтеме жасап.

Жылдамдық режимін бұзу

  • 10-20 км/сағ артық: 5 АЕК – 19 660 теңге (2024 жылы 18 460 теңге).
  • 20-40 км/сағ артық: 10 АЕК – 39 320 теңге (2024 жылы 36 920 теңге).
  • 40 км/сағ жоғары: 20 АЕК – 78 640 теңге (2024 жылы 73 840 теңге).
  • Жыл ішінде қайталанған: 30 АЕК – 117 960 теңге (2024 жылы 110 760 теңге).

Жүргізуші куәлігіне қатысты заң бұзушылықтар

  • Куәліксіз көлік жүргізу: 20 АЕК – 78 640 теңге (2024 жылы 73 840 теңге).
  • Куәліктен айырылған адамның көлік жүргізуі: 50 АЕК – 196 600 теңге (2024 жылы 184 600 теңге) немесе 20 тәулікке дейін қамауға алу.

Жол қозғалысы ережелерін бұзу

  • Жол белгілерін елемеу: 3 АЕК – 11 796 теңге (2024 жылы 11 076 теңге).
  • Қызыл жарыққа өту: 10 АЕК – 39 320 теңге (2024 жылы 36 920 теңге).
  • Қайталанған бұзушылық: 15 АЕК – 58 980 теңге (2024 жылы 55 380 теңге).
  • Жаяу жүргіншілер жолына қатысты бұзушылық: 15 АЕК – 58 980 теңге (2024 жылы 55 380 теңге).

Тұрақ ережелерін бұзу

  • Тоқтау немесе тұрақ ережесін бұзу: 5 АЕК – 19 660 теңге (2024 жылы 18 460 теңге).
  • Тротуарда немесе гүлзарларда тұрақ: 10 АЕК – 39 320 теңге (2024 жылы 36 920 теңге).
  • Тұрақ ақысын төлемеу: 3 АЕК – 11 796 теңге (2024 жылы 11 076 теңге).

Қызметкер талабын орындамау

Көлікті тоқтату талабын елемеу: 40 АЕК – 157 280 теңге (2024 жылы 147 680 теңге). Бұл әрекетті қайталау жүргізуші құқығынан айыруға және 5 тәулікке дейін қамауға алуына әкелуі мүмкін.

Құқығынан айырылған адамның бұл талапты бұзуы: 60 АЕК – 235 920 теңге (2024 жылы 221 520 теңге).

Жолаушылар тасымалдау ережесін бұзу, белбеу тақпау немесе телефон қолдану: 5 АЕК – 19 660 теңге (2024 жылы 18 460 теңге).

Бұл өзгерістер жол қозғалысы ережелерін сақтауды күшейтуге бағытталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу