Өскеменде мерекелік шаңғы жарысы өтіп жатыр
Өскеменде тағы бір ерекше спорттық іс-шара өтіп жатыр. Бүгін облыс орталығындағы Комсомол аралында шаңғымен жүгіруден «Рождестволық жарыс» деп аталатын мерекелік сайыс басталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өскемен қаласы әкімдігінің мұрындық болуымен ұйымдастырылған жарысқа 100-ден астам шаңғышы қатысуда. Олардың арасында мектеп жасындағы балақайлар да, зейнеткерлер де бар. Халықаралық додаларда ел намысын қорғап жүрген кәсіби спортшылар да осында. Жарыстың бас төрешісі Олег Переверзевтің айтуынша, сайыс өте қызықты әрі тартысты болайын деп тұр. Себебі, қатысушылар жас санатына қарай бірнеше топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтайтын болады.
Жарысқа қатысуға ниет білдіргендер арасында зейнет жасындағы жерлестеріміз де аз емес еді. Солардың бірі – катонқарағайлық Талғат Қашқымбаев мұндай жарыстарға бұған дейін де қатысқанына, тіпті жүлделі орын алғанын да айтты.
Айта кетейік, бір күнге созылатын жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған қатысушылар ұйымдастырушылар атынан медальдар мен сыйлықтарға ие болмақ.
Нұржан Кенжеұлы
Фото/видео: Ермек Жиенбеков