2025-2026 оқу жылына арналған оқулықтар мақұлданды
pexels.com
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы келер оқу жылында пайдаланылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сараптамадан өткізді. Сараптама нәтижесінде ұсынылған басылымдардың басым бөлігі мақұлданды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оқулықтар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды да қамтып, Брайль шрифтімен және үлкейтілген қаріппен жасалған нұсқалар дайындалды. Сонымен қатар, бастауыш сыныптар үшін цифрлық сауаттылық, шет тілдері, бейнелеу өнері, еңбекке баулу сияқты пәндер бойынша жаңартылған оқулықтар бекітілді.
Министрліктің мәліметінше, сараптамаға тәжірибелі педагогтер мен ғалымдар қатысып, оқулықтардың ғылыми-педагогикалық талаптарға сай келуін мұқият зерттеген. Нәтижесінде мақұлданған оқу-әдістемелік құралдар оқушылардың білімін жетілдіріп, болашаққа қажетті дағдыларды дамытуға бағытталған.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына арналған оқу құралдары алғаш рет кешенді сараптамадан өтті. Бұл қадам білім беру сапасын арттыруға және заманауи стандарттарға сәйкес келетін оқу материалдарын ұсынуға бағытталған.