Былтыр Қазақстанда рекордтық паспорт саны жасалды
фото: polisia.kz
2024 жылы Қазақстан Республикасының азаматтарына 1 488 308 паспорт беріліп, бұл көрсеткіш соңғы 30 жылдағы ең жоғары рекордқа жетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Мұндай өсімнің басты себептерінің бірі – балаларға паспорт рәсімдеу құнының екі есе төмендеуі. Қазақстанның ең жас азаматы паспортты 10 күндік жасында алса, ең егде жастағы азаматқа 109 жыл толған.
Сондай-ақ, реадмиссия тәртібімен полиция құжатсыз қалған 70 қазақстандықты шетелден елге қайтарды.
2024 жылы заңсыз шетелдік жұмысшыларды пайдаланған 3 786 жұмыс беруші анықталды.
Сонымен қатар, Президент Жолдауы аясында 41 шетелдік IT маманына Қазақстанда тұруға рұқсат жеңілдетілген тәртіппен берілді.