Ұлттық ұланда қысқы оқу кезеңі басталды
Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде 2025 жылғы қысқы оқу кезеңі басталды деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сенсек, жаңа маусымға аяқ баспас бұрын ұландықтар өткен жылға қысқаша шолу жасап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Өскемен қаласындағы 5518 әскери бөлімінде өткен іс-шараға Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары, полковник Еркебұлан Хамидуллин қатысты. Жиын барысында Еркебұлан Қазбекұлы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің офицерлеріне мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтарын өткізді.
Саптық алаңда сап түзеген ұландықтар қару-жарақ пен әскери техниканы, сондай-ақ әскери мүліктерді дұрыс қолдану, кез келген міндеттерді атқару кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау бойынша тәжірибелік сабақтарға тарасты. Жаңа оқу жылында жауынгерлер алдында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағыттарында атқарылар бірқатар жауапты міндет тұр.
Нұржан Кенжеұлы