Өскеменде жол ережесін бұзушының пара әрекеті камераға жазылды
Фото: tengrinews.kz/ видеодан кадр
Қазақстан ІІМ-де қолданылып жүрген бейнежетондардың тиімділігі тағы да дәлелденді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі @letterskz телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Өскемен қаласында жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатылған жүргізуші жазадан құтылу мақсатында полицейлерге пара беруге әрекеттенген. Алайда бұл әрекет қызметкердің бейнежетонына орнатылған камераға толық жазылып қалған.
Жүргізуші полиция қызметкерлерінің беделін түсіруге және арандатушы видео түсіруге тырысқанымен, оның әрекеті әшкереленді. Енді заң бұзушы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бойынша жауапкершілікке тартылады.