KZ
Өскемен
-23°
небольшая облачность жел 2 м/с, СБ
509.75 594.67 6.46

Ермак Сәлімов коронавирус жұқтырды

1.07.2020, 13:40 287

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазды.

- Құрметті жерлестер! Сіздерге келесі жағдайларды мәлімдеу міндетім деп есептеймін, бүгін Covid-19 анықтау мақсатында тапсырған тест оң нәтиже бергені белгілі болды. Шектеулерге қарамастан көп адамдармен белсенді түрде тығыз байланыста жүргізілген жұмыстар өз әсерін көрсетті деуге болады, - дейді Ермак Сәлімов.

Шаһар басшысы бүгіннен бастап қатаң оқшаулау режимінде болады. Дегенмен, мүмкіндігінше онлайн жұмыс жүргізетінін мәлімдеді.

- Барлық Семейліктерді сақтық шаралары мен санитарлық қызметтердің ережелерін сақтауға шақырамын. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!, - деді ол.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу