KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Облыс әкіміне коронавирус жұқты

24.06.2020, 08:55 145

 Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовке коронавирус инфекциясы жұққаны белгілі болды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған.
 
Архимед Мұхамбетов өзі-өзі оқшаулау режиміне көшіп, жұмысын қашықтықтан жалғастырады. 

Құрметті қостанайлықтар! Барлық сақтық шараларына қарамастан, менің COVID-19-ға тапсырған сынағым оң нәтиже көрсетті. Осыған байланысты мен оқшаулануға кетемін және қашықтан жұмысымды жалғастырамын. Облыс тұрғындарынан барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймын. Тағы да жерлестерімізді аймақ аумағында енгізілетін шектеу шараларын сақтауға зор жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Баршаңызға зор денсаулық және амандық тілеймін! Өзіңізді күтіңіз!, - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу